Бекзат Саттарханов биография На Казахском

Бекзат Саттарханов: өмірі, жетістіктері және боксшының қайғылы қазасы

Қазақстандық олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Бекзат Саттарханов 2000 жылы 31 желтоқсанда көлік апатынан қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол өзінің туған өлкесі Түркістандағы зират аумағында жерленді. Бүгінде даңқты боксшының құрметіне туған қаласы Шымкентте Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі ашылды. Сондай-ақ, Түркістандағы бір ықшамауданға және Алматыдағы көшелердің біріне Бекзат есімі берілді. Оның есімін ел есінде мәңгі сақтау үшін «Бекзат» атты кітап, фотоальбом, өлеңдер шығарылып, деректі фильм түсірілді. Stan.kz интернет-порталы талантты боксшының жетістіктері мен өмірін еске алады.

Қазақтың даңқты боксшысы Бекзат Саттарханов 1980 жылдың 4-ші сәуірінде киелі Түркістан қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесінің есімі – Сейілхан, анасы – Сырлыкүл. Сейілхан әке мен Сырлыгүл ананы тағдыр талай сынаққа алғандай. Екі ұлдан соң дәрігерлер денсаулығың жарамайды, өліп кетуің мүмкін деп, анаға бала көтеруге тыйым салған. Алайда, әке-шеше үшінші ұлға өмір сыйлады. Құрсаққа біткен төртінші ұл Бекзаттың да көрер жарығы бар екен. Анасы дәрігермен тартысып жүріп, ақыры кенжесін де дүниеге әкеледі. Анасы жүктіліктің 6 айында емханаға тіркелуге барған кезде, іштегі баланың жүрек соғысын естіген окушер-генеколог оның ешқандай балаларға ұқсамайтынын айтқан. Жолбарыс па, әлде арыстан ба әйтеуір басқа, өзгеше бала деген екен.

Бекзаттың Бағдат, Болат, Мақсат есімді өзінен үлкен үш ағасы болды. Олар да басқа мектептегі спорттық жарыстарда қарсыластарын тізе бүктіріп, оза шапты. Бірақ, ешқайсысы үйдің сүт кенжесі Бекзат секілді спортты биік мұрат тұтқан жоқ. Ал кішкентай кезінде көп ауырып, өте әлсіз, алжуаз болған Бекзатты атағы жер жаратын даңқты спортшы болып, есімі тарихта қалады деп ешкім ойламаған еді.

Бекзат бала күнінде өте әлсіз болғандықтан, ата-анасы кенже ұлдары үшін қатты алаңдайтын. Содан өзін қорғай білсін деген оймен олар Бекзатты күрес үйірмесіне береді. Бірақ, Бекзаттың арманы күрес емес еді. Бұл спорт түріне ынтасы болмаған соң сондай-ақ, күреспен айналысу бойдың өсуіне кедергі болады дегенді естіген Бекзат күресті тастап, бокспен айналыса бастайды.

1986-1996 жылдары Абай атындағы мектеп-интернатта оқиды. Кейіннен Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепке ауысады. Бекзаттың алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Жұмабаев болғанымен, оған бокс өнерінің әліппесін үйреткен бапкер Қыдырәлі Юсупов еді. Есімі көп еленбейтін бапкер Бекзатты мектепке жетектеп апарып, қолына қолғапты өзі кигізген.

Кейін 1995 жылы бокс үйірмесіне қатысып, балалар жаттықтырушысы болған Нұрлан Жұмабаевтан тәлім алады. Сол жылы, 15 жасқа келген Бекзат Түркістанда өткен Сейітбековты еске алу турнирінде бәсекелестерін тізе бүктіріп, жеңіске жетеді. Осылайша, боксқа келгеніне бір жыл да болмаған Бекзат алғаш рет жеңістің дәмін татады. Бұл жүлде Бекзат үшін өте ыстық болды. Ол сол турнирде алған «Түркістан 95» деген жазуы бар қыш құмырасын алтын алқамен қатар бағалады. Алғашқы жүлдесін Сидней олимпиадасында алған алтын алқасымен тең дәрежеде көрді. Бекзат жүлдеге ие болған жаһанды жарыстар өте көп. Ол жасөспірімдер арасында өткен халықаралық жарыста да топ жарып, бапкерлердің көзіне түсті.

Бекзат бокспен ғана шұғылданған жоқ. Сондай-ақ, заңгер мамандығы бойынша білім алған. Ол алғашында Шымкенттегі Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факакультетін, содан кейін туған жері Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін заң мамандығы бойынша бітіреді.

Ұлт мақтанышы бокста 80 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында жұдырықтасқан Серік Қонақбаеты үлгі тұтты. Қонақбаев шаршы алаңда жұдырықтасқанда Бекзат бесіктегі бала еді. Сонда Бекзаттың анасы кенже ұлының да Серік Қонақбаев секілді боксшы болғанын арман етіпті. Бекзат та анасының сол аманын орындағысы келді ме, ержеткен соң көңілі боксқа ауды.

Боксқа біржола бет бұрған Бекзат мақсатына жету үшін тынбай жаттықты. Тіпті, аяғына ауыр қорғасын байлап жүгіріп, талайын шаң қақтырды. Ал көмбеге жарты сағатта құйылта жететін оның жүрек қағысы үш-төрт минутта-ақ қалпына келетін болған.

1996 жылы Қостанай қаласында бокстан жастар арасында Қазақстанның ішкі біріншілігі өтеді. Бұл сайыста да Бекзат жеңіске жетіп, чемпион атанады. Сөйтіп, сол жылы шымкенттік бапкер Анатолий Визириякиннің қол астына өтіп, облыс ортағында жаттығады.

1997 жылы Бекзат басқа да жарыстарға қатысады. Қарағанды мен Германияның Кельн қалаларында болған турнирде топ жарып, Олимпиадаға даярлау облыстық орталығына қабылданады.

Бекзат Саттархановттың спорттық мансабы жылдам дамыды. 15 жасында ол бокс қолғабын киіп, үш жылдан кейін халықаралық Олимпадағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Сол күні Бекзат үйіне жастар арасындағы әлем чемпионатының «күміс» медалімен оралды. Болашағы зор спортшыны Қазақстан бокс құрамасының бас жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов бірден байқайды.
Бекзат 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, ал осы санат бойынша командада үлкен бәсекелестік болатын. Бірақ, жаттықтырушы Азия чемпионатына барып, олимпиадаға жолдама алу үшін күресуге Саттархановты жіберуді шешеді. Және ол қателеспеді. 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада ол ең жоғары тұғырға көтерілді.

Белгілі боксшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Бекзат туралы айтқан естеліктерінде оның өте талатты спортшы болғанын атап өтті.

«Еңбекқорлығында шек жоқ еді. Дәрігерлер, жаттықтырушылары «сіз тым көп жаттығасыз, бұл жүрекке ауыр болуы мүмкін» деп оны тоқтатып, аздап баяулауын өтінетін. Тіпті, бір жерлерде оған тыйым салынған. Бірақ, ол чемпион атану үшін жанын салып жаттықты, боксқа бар ынтасымен кірді. Ол бәрін қағып алатын кереметтей талантты адам болды»,- дейді бокстан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов.

1998 жыл да Бекзатқа сәттілік сыйлады. Ол жасөспірімдер арасында өткен Аргентидағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сол жылдары Қостанай қаласында өткен жарысқа қатысады. Алайда, 54 келі салмақпен сынға түскен Бекзат Марат Мәзімбаевтан жеңіліп қалады. Дегенмен, бапкерлердің көзіне түсіп, сенімінен шыққан Бекзат еш қиындықсыз ұлттық құрамаға қабылданады.

Бекзат сондай-ақ, Түркістанда өткен Әбдісалан Нұрмахановтың құрметіне орай ұйымдастырылған турнирде жеңіске жетіп қана қоймай, ең үздік боксшыға берілетін сыйлықты иеленді. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы турнирдің де жеңімпазы атанып үлгерді. Ол, Таиландта өткен бүкіл Азия біріншілігіне де қатысып, жүлдегер атанады.

Ал, 1999 жыл оның Сидней олимпиадасына бір табан жақындауына ықпал етті. Сол жылы Венгрия мен Болгарияда халықаралық турнир болып, Бекзат бәсекелестерінен оза шабады. Осыдан кейін, Ташкентте болған бірінші Азия біріншілігіне қатысып, күміс жүлдегер атанады.

Бекзат барлық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Көптің есінде қалған 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ғана ерекшеленбейді. Себебі, Бекзат мұхиттың ар жағындағы төртжылдық додасына аттанғанға дейін жеңімпаз атанып қойған болатын. Ол Қырғыстанда өткен Азия ойындарында, Испанияда болған халықаралық жарыстарда қазақтың көк жалауын желбіретті. Сонымен қатар, Астанада өткен «Қазақстан-Куба» кездесуінде айқын жеңіске жетіп, Чехияда болған «Гран-Приде» жеңімпаз кубогын иеленіп, төбесіне көтерді. Ал Мәскеу қаласындағы ТМД елдерінің біріншілігінде төрт бірдей жүлдені жеңіп алып, сайыстың үздік боксшысы деген атақ алды.

Дегенмен, солардың ішінде Бекзаттың ғана емес, Қазақстанның да атын бүкіл әлемге танытқан ең сүбелісі әрине, Сидней олимпиадасы. Бекзат сол Сидней олимпиадасына барар сапары алдында шынығып, шыңдалып жүрген кезінде сұхбат берген еді.

Сонда боксшы: «Әшейіннен, әшейін баруға болмайды ғой. Барғаннан кейін міндетті түрде алтын медаль алу керек. Елімізді, халқымызды қуанышқа бөлеу керек. Өйткені, халық атымыздан үміт күтіп отыр» деген болатын. Өзі айтқандай-ақ, ол Олимптің шыңына шығып, алтын алқаны алып қайтып, елін, халқын қуанышқа бөледі.

Бекзат – еңбекқор, елшіл, иманды. Ол осы қасиеттерді бойына жиған. Анасы Бекзат көп түс көретін дейді. Бір түсінде, Бекзат Әзірет Сұлтан мешітінің алдында қарақұрым адамдардың өзін жалт-жұлт еткен таққа отырғызып, үстіне шапан жауып, басына жалтыраған алтын тәж кидіргенін көрген. Сонда анасы ұлының бұл түсін жақсылыққа балап, келешегің жарқын болады деп жорыған екен.

Шындығында, олимпиада алдында елдегі бокс мамандары Бекзатты бала сынып, Сиднейге жібергілері келмепті. Себебі, ол кезде Бекзат 20 жастағы бозбала болатын. Бірақ, бас бапкер Тұрсынғали Еділов Бекзаттың көзіндегі отты көріп, оған зор сенім артады. Мінекей, өзінің жойқын соққыларымен, әбжіл әдістерімен Бекзат Сиднейдегі жеңісті жақындатты. Алдымен, Румыния боксшысы Бобирант Овидиу-Тибериуді, кейін африкалық Джефри Матебулланы, сосын түркиялық Рамазан Палианимен, морокколық Тахар Тамсаманилді ойнап жүріп жеңді. Осылайша, Бекзат нағыз сенсация жасады. Ол туралы бүкіл әлем жарыса жазды, шетелдіктер Қазақстанды картадан іздеп әлек болды. Олар 20 жасар жігіттің жұдырықтасу өнеріне бас иді. Ал финалдағы қарсылас осал адам болмады. Ол әлем чемпионы америкалық Рикарду Хуарес еді. Шаршы алаңда еліктей ойнақтаған Бекзаттың бокстасу шеберлігіне тіпті, шетелдің комментаторлары тәнті болып отырды.

Сөйтіп, енді ғана 20- ға толған Бекзат өркөкірек Американы, Әлем чемпионы Хуарестің өзін жылатты. Сонда шартарап қол соқты. Қарапайым қазақ жігітінің, Бекзаттың жеңісін көргенде шаттанбаған, қуанбаған қазақ қалмады. Сиднейде Қазақстанның әнұраны шырқалып, көк Туымыз көкте желбіреді. Осылайша, Қазақстанның спортшылары Сиднейден олжалы оралды.

Бірақ, жұртшылық бәрінен де қазақтың бокс тарихындағы алғашқы олимпиада чемпионы Бекзатқа тәнті болды. Бекзаттың жұдырықтасу техникасы өзгеше еді. Жүйрік жігіттің көз ілеспес аяқ қимылы да үздік боксшыларды таңдай қақтырды. Бекзаттың аяқ қимылы мен жұдырықтасу техникасына жаһанның жуан боксшыларының өзі тәнті болып, талантына тамсанды.

Болмыс бітімі бөлек болған Бекзат қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы атанды. Ол бар-жоғы 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, 20 жасында құйрықты жұлдыздай жарқ етті. Өкінішке орай, бір сәтте бүкіл әлемге танылған даңқты спортшымыздың көрер жарығы аз болыпты. Бекзат Саттарханов 2000 жылдың 31 желтоқсанында жаңа жылды достарының ортасында қарсы алғысы келіп, жолға шығады. Көлікті қатты жылдамдықпен айдаған ұлт мақтанышы Жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде жол апатына ұшырап, қайтыс болды. Қазақ халқы чемпион ұлынан айырылды. Бекзат қаза болды деген қаралы хабар бүкіл жұрттың қабырғасын қайыстырып, жүрекке өшпес дақ қалдырып кетті.

Біртуар боксшы қара орман халқының ортасында болғанда биыр 39 жасқа толған болар еді. Шаршы алаңда шаршауды білмейтін Бекзат Саттарханов шымшықтың тұмсығындай қысқа ғұмырында барлығы 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жетті. Ал ҚР тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де тарихта қалды.

Жасындай жарқ еткен Бекзат Саттарханов

Бүгін – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиаданың бокстан чемпионы Бекзат Саттарханов Сейілханұлының дүниеге келген күні.

Қазақтың маңдайына сыймай кеткен дүлділдің өмірден өткеніне де 14 жылдың жүзі болыпты. Алайда Алаш елін әлемге паш еткен спортшы Бекзатты жұрт есінен шығарған емес.

Ол 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Бекзат – әкесі Сейілхан мен анасы Сырлыкүлдің кенже баласы. Саттархановтардың Бекзаттан өзге мектеп қабырғасындағы спорттық бәсекелерде оза шапқан үш ұлы болды. Бағдат, Болат, Мақсат есімді балалары да спортты серік еткен екен. Бала кезінде өте нәзік, аурушаң, әлжуаз болған Бекзаттан атағы жер жүзіне жайылатын даңқты боксшы шығады деп ешкім ойламаса керек.


Алғашында өзін-өзі қорғап үйренсін деген оймен ата-анасы Бекзатты күрес үйірмесіне қатыстырады. Алайда күреске ынтасы болмай, екінші жағынан күреспен айналысу бойдың өсуін тежейтінін ұғып үйірмеге бармай, бірден боксқа бет бұрады. 1986-1996 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте оқиды. 1995 жылы алғаш рет бокс үйрімесіне жазылып, балалар бапкері Нұрлан Жұмабаевтан тәлім ала бастайды. Ата-анасы мен туыстары Бекзаттың боксқа деген ынтасын байқағанымен, мұны жай, өтпелі кезең деп ойлаған. Бірақ ол бокспен шұғылданғанына бір жыл толмастан республикалық сайыстың жеңімпазы атанып, былғары қолғапты бекер кимегенін дәлелдейді. Бекзаттың бойында бала күнінен бері байқалатын бір қасиет болған. Ол өзін жеңген боксшыдан міндетті түрде есе қайтаруды мақсат тұтады екен.

Бекзат заң саласы мамандығын игерген. Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру факультетіне түсіп, кейін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. Бекзат кейін ана арманын орындайды да. Ол Сиднейдегі жеңісін Түркістан қаласының 1500 жылдығына тарту ететіндігін айтқан. Бекзат – 18 жасында қажылыққа барған мұсылман.

Бекзаттың қысқа ғұмырында 2000 жыл тек Сидней Олимпиадасындағы жеңісімен ерекшеленбейді. Ол мұхиттың арғы бетіндегі додаға аттанғанға дейін Қырғызстанда өткен Орта Азия ойындарында, Испанияда жалауы желбірген халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. Астана қаласындағы «Қазақстан-Куба» кездесуінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Чехияда өткен «Гран Приде» жеңімпазға берілер Кубокті қанжығасына байлайды. Мәскеудегі ТМД елдерінің біріншілігінде 4 жүлдемен қатар, сайыстың үздік боксшысы деген атақты еншілейді.

Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: «Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!», — деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген деседі. Мұнан кейін де Бекзат анасына: «Мен әлі үш дүркін Олимпиада чемпионы боламын», — деп айтады екен.


Сиднейдегі жеңісінен кейін, оған Елбасы І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.

Жаны жайсаң, жарқын жүзді азамат 2000 жылдан әрі аса алмады. Жаңа жылдың басталуына санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан қаласы маңында автокөлік апатынан қаза болды.

Бүгінде Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшам аудан мен спорт кешені бар. Алматы қаласында көшеге Бекзат Саттарханов аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өтеді. 2010 жылы, яғни спортшының 30 жас мерейтойы қарсаңында туған қаласы Түркістанда Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш қойылды. 2005 жылы Қазақстанда боксшыға арналған пошталық марка шығарылды. Бекзат туралы 3 тілде кітап, фотоальбом жарық көрген. 2009 жылы режиссер Сатыбалды Текеев «Бекзат» атты деректі фильм түсірсе, 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет «Бекзат» атты фильм түсіру жұмыстарын қолға алды. Биографиялық кинофильмде басты рөлді актер Асылхан Төлепов сомдап шықты.

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

Материалды дайындау барысында ғаламтор беттеріндегі мақалалар пайдаланылды.

Бекзат Саттарханов: жизнь, карьера и смерть погасшей звезды казахстанского бокса 51401—>

Сегодня, 4 апреля, известному боксеру Бекзату Саттарханову исполнилось бы 39 лет, но судьба его, увы, была короткой, длинною всего в 20 лет. История жизни этого спортсмена во многом уникальна, ведь от начала занятия боксом до трагической гибели олимпийца прошло всего пять лет, а за это время он взлетел на такую высоту, о которой многие и не мечтают.

ZTB.kz предлагает вам вспомнить о самых ярких моментах жизни Бекзата Саттарханова.

Бекзат Сеилханович Саттарханов родился 4 апреля 1980 года в Туркестане. Боксом начал заниматься не с раннего детства, а аж с 15 лет, что для этого вида спорта скорее поздно, чем рано. Однако он молниеносно ворвался в спорт. Победа следовала за победой.


Образование

Был студентом Международного казахско-турецкого университета имени Х. А. Яссави в Туркестане.

Спортивная карьера

В 18 лет Бекзат становится Серебряным призером молодежного первенства Азии и и Молодежного чемпионата мира 1998 года.

В 19 лет — завоевывает серебряную медаль на чемпионате Централной Азии, а затем становится Чемпионом Азии и Чемпионом Центрально-Азиатских стран.

Звездным часом боксера стал 2000-й год. Он становится Чемпионом Кубка Гран-при. Но, конечно, главным достижением в его жизни стало золото на Олимпийских играх в Сиднее. По мнению спортивных экспертов, Бекзат Саттарханов стал самым большим и сенсационным открытием Казахстана. С первой попытки, всего в двадцать лет, он стал олимпийским чемпионом.

Смерть

Звезда спортсмена погасла, не успев по-настоящему зажечься. После триумфа на Олимпийских играх в Сиднее, за 15 минут до нового, 2001 года, Бекзат погиб в автокатастрофе недалеко от населённого пункта Шубаровка, Ордабасинского района Южно-Казахстанкой области. Он ехал на своей машине домой из Туркестана в город Шымкент.

Достижения

— Серебряный призёр первенства Азии по молодёжи 1998 года;

— Серебряный призёр молодёжного чемпионата мира 1998 года;

— Серебряный призёр чемпионата Центральной Азии (Ташкент, 1999 г.);

— Серебряный призёр Азии 1999 года;

— Чемпион Центрально-Азиатских стран 1999 года;

— Чемпион Кубка Гран-при 2000 года;

— Чемпион летних Олимпийских игр 2000 года по боксу в полулёгком весе (до 57 кг).

Память

Спортсмену посвящали и песни, и стихи и даже снимали фильмы. В 2005 году была выпущена почтовая марка Казахстана, посвящённая Саттарханову. А в его родном Шымкенте открылась спортивная школа имени Бекзата Саттарханова